Воскресенье, 29.06.2025, 23:24
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша рефераттар Курстық жұмыстар Дипломдық жұмыстар
Главная МатериалыРегистрацияВход
Категории раздела
Категории раздела
Автоматтандыру
Әдебиет, Өнер, Мәдениет
Әлеуметтану
Биология, Зология, Анатомия, Медицина
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
Информатика
Іс жүргізу
Кедендік іс
Қазақстан тарихы
Қоршаған ортаны қорғау, Экология
Құрылыс
Құқық, Криминалистика
Математика, Геометрия
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай
Психология, Педагогика
Саясаттану
Спорт
Стандартизация, Сертификция
Статистика
Тіл ғылымы, Филология
Тарих
Туризм
Физика, Астрономия
Философия
Халықаралық қатынастар
Химия
Электротехника
Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық
Главная » Материалы на казахском » Қазақша рефераттар » Биология, Зология, Анатомия, Медицина

Адам генетикасы



Адам генетикасының ерекшеліктері. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді.
Жалпы адамзат қоғамда өмір сүретіндіктен оның эволюциялық дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялық жағын қарастырамыз.
Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар: жыныстық жағынан кеш-пісіп жетілетіндігі; әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі, хромосома санының көп болатындығы, адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты бір қайшылық — адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы.
Осы аталған қиыншылықтарға қарамастан, кейінгі кездерде адам генетикасы жедел қарқынмен дамуда. Ең соңғы жаңалықтардың бірі — ХХІ ғасырдың басында адамның генетикалық кодының шешілуі.
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикасын зерттеудегі кездесетін қиыншылықтар туралы жоғарыда айтылды. Соған қарамастан, оның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер бар. Олар: генеологиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық және биохимиялық әдістер.
Генеологиялық әдіс. Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады. Ол үшін зерттелетін мәселе бойынша әкесі және шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер жинақталып, соның негізінде шежірелік сызбанұсқа жасалады. Кейбір белгілер мен қасиеттер кез келген ұрпаққа беріле алады, яғни доминанттылық жолмен тұқым қуалап, Мендель заңдарына бағынады. Мұндай жолмен тұқым қуалайтын белгілерге полидактилия (саусақтардың артық болуы), беттің секпілі, катаракта, шаштың қаралығы және т.б. жатады. Генеологиялық...


Категория: Биология, Зология, Анатомия, Медицина | Просмотров: 869 | Теги: мінез-құлқы, сыртқы ортаға бейімделу, тұқым қуалаушылық, Адам генетикасы
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рефераты на казахском языке, Казахские курсовые и дипломные © 2025