Қантты диабет ұйқы безі гормонының, яғни инсулиннің жетіспеушілігі кезінде немесе тіндердің инсулинге деген сезім тамығы төмендеген кезде туындайды. Диабет тұқым қуалаушылық жолмен немесе ұйқы безі ауруында дамиды. Диабет - тойып тамақ жеу немесе семіздікке шалдықтыратын жануар майын, жеңіл сіңірілетін көмірсуларды шамадан көп қолданғанда және басқа да тиімді тамақтану шарттары бұзылғанда дамиды. Қантты диабет негізінде көмірсу алмасуының бұзылуы жатыр: жасуша мен тіндердің глюкозаны сіңіруінің бұзылуы, май мен ақуыздан, бұлшық ет пен бауырдағы глюкогеннен глюкозаның түзілуінің күшеюі. Нәтижесінде қандағы канттың мөлшері көбейеді және несеппен бірге қанттың бөлінуіне алып келеді. Диабетке шалдыққан науқастарда май алмасуы бұзылады, бұл қанда тотықпаған майлардың кетон денелерінің жиналуына соқтыруы мүмкін. Қандағы ақуыз алмасуы өнімдерінің артуына әкелуі мүмкін, яғни метаболикалық ацитоз дамиды. Осының барлығы ағзаның өздігінен улануына және диабеттік комаға ұшыратуы мүмкін. Қантты диабет атеросклерозбен, бүйректің зақымдалуымен, бауырдың майлы инфильтрациясымен асқынуы мүмкін. Диабеттің жеңіл түрі болғанда емдеу факторы - тек дұрыс тамақтану, ал орташа және ауыр түрлерінде аталмыш сырқат инсулинмен және басқа да дәрі-дәрмектермен емделеді. Қантты диабетке шалдыққан науқастарға №9 емдәм сынама немесе тұрақты түрде тағайындалады, қалыпты жағдайда ақуыз 90г, май 80 грамға дейін шектеледі, негізінен жануар тектес және көмірсу мөлшерін (300-350 г) азайту, жеңіл сіңірілетін тағамдар есебінен негізінен қант және құрамында қанты бар азық-түліктер беріледі. Емдәм үшін NаСІ және холестериннің мөлшерін шектеу, дәрумендер мен липотроптық заттардың, клетчатка, пептиндер, алмастырылмайтын май қышқылдарын арттыру керек. Тамақтану уақыты белгілі бір уақытта күніне 5-6 рет болуы керек, ол көмірсулардың біркелкі ыдырап таралуына байланысты. Тамақтанудағы тиімді қуаттылық құндылық мүмкіндігінше мынадай болуы керек: таңертеңгі ас - 20%, 2-ші таңертеңгілік ас - 10%, түскі ас - 30%, сәскелік ас - 10%, г кешкі ас - 20%, түнгі ас - 10%. Инсулинді енгізгенде тағам режимі иньекцияның санына, уақытына және мөлшеріне байланысты. №9 емдәмге ...