Понедельник, 30.06.2025, 05:10
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша рефераттар Курстық жұмыстар Дипломдық жұмыстар
Главная МатериалыРегистрацияВход
Категории раздела
Категории раздела
Автоматтандыру
Әдебиет, Өнер, Мәдениет
Әлеуметтану
Биология, Зология, Анатомия, Медицина
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
Информатика
Іс жүргізу
Кедендік іс
Қазақстан тарихы
Қоршаған ортаны қорғау, Экология
Құрылыс
Құқық, Криминалистика
Математика, Геометрия
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай
Психология, Педагогика
Саясаттану
Спорт
Стандартизация, Сертификция
Статистика
Тіл ғылымы, Филология
Тарих
Туризм
Физика, Астрономия
Философия
Халықаралық қатынастар
Химия
Электротехника
Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық
Главная » Материалы на казахском » Қазақша рефераттар » География, Экономикалық география, Геология, Геодезия

Африкаға жалпы сипаттама



Африкаға жалпы сипаттама [7 бет]

АФРИКА

Африканың аумағы - 30,3 млн км2, халқының саны 820 млн адам. Дүние жүзінде Африка сияқты отарлық қанау мен құл сатушылықтан осыншама зардап шеккен бірде-бір континент жоқ. XX ғасырдың басына қарай бүкіл Африка отарланған континентке айналды және бұл негізінен оның артта қалғандығын анықтап берді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отарлык жүйе қадам басқан сайын жойыла берді, міне, қазір континентің саяси картасында (аралдардағысымен бірге) 55 ел бар. Бұлардың бәрі де дамушы елдер қатарына жатады. Оңтүстік-Африка Республикасы экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің қатарына қосылады.

Экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштері бойын-ша Африка басқа ірі аймақтардан сдәуір артта қалып отыр, тіпті кейбір елдерінде бұл артта қалушылық біртіндеп тереңдеп барады.

Біз африкаға жалпы сипаттама береміз
1. Аумағы, шекаралары, жағдайы: ішкі үлкен айырмашылықтар. Африканың аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мың кмге, батыстан шы-ғысқа қарай 7,5 мың км-ге созылып жатыр. Африкалық елдердің көпшілігі жер көлемі жағынан еуропалық елдердің кез келгенінен үлкен. Мысал Аумағы жағынан Африканың ең үлкен елі — Судан (2,5 мн км2). Ол ен үлкен еуропалық ел — Франциядан 4,5 есе үлкен. Алжир, Заир, Ливия, Ангола, Эфиопия, ОАР елдері көлемі жағынан Франциядан екі-үш есе үлкен.

Африка елдерінің ЭГЖ-сіне баға беру үшін әр түрлі жайттарды пайдалануға болады. Солардың бастыларының бірі - теңізге шығу мүмкіндігінің болу немесе болмауында. Басқа континенттердің бірде-бірінде Африкадағыдай теңізден алыс (кейде 1,5 мың км-ге дейін) көп ел жоқ. Ішкі континентальды елдердін көпшілігі барынша артқа қалғандардың санатына қосылады.

Мемлекеттік кұрылысы жағынан Африка елдерінің бір-бірінен айырмашылығы онша көп емес: тек олардың үшеуі ғана («Косымшалар-дағы» 2-кестені қара) басқарудың монархиялық, қалғандары республикалық формасын сақтаған.
Африко — аумағы жөніндегі талас-тартыстар мен шекаралық қақтытыстар кең тараған бірден-бір аймақ.

Бұлар көп жағдайда осы континенттің елдеріне өткен отарлықтан мұраға қалған шекараларға байланысты туындап жүр. Мұндай қатты қақтығыстар Эфиопия мен Сомалидің Марокко мен Батыс Сахараның, Чад пен Ливияның және басқалардың арасынан көрініп келеді. Континенттегі мемлекеттердің бірлігін нығайту, олардың тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтау, отаршылдыққа қарсы түру үшін «Африкалық бірлік ұйымы» кұрылған болатын.

2. Табиғи жағдайлары мен ресурстары: Африка елдері дамуының аса маңызды факторы. Африка әр түрлі пайдалы қазбаларға өте бай. Басқа континенттер арасында ол марганец, хромит, боксит, алтын, платина, ко-бальт, алмас, фосфорит кендсрінің ресурстары бойынша бірінші орын алады. Бұл минералдық шикізаттар жоғары сапалылығымен ерекшеленеді және көбінесе ашық тәсілмен өндіріледі. Мысал. Африканың пайдалы қазбаларға ең бай елі — ОАР. Оның жер қойнауында, мұнай, табиғи газ және бокситті қоспағанда, барлық белгілі қазба байлықтардың жиынтығы түгелімен бар. Әсіресе алтын, платина, алмас қоры өте көп.

Африкада пайдалы қазбаларға кедей елдер де бар, бұл олардың дамуын ...


Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 687 | Теги: сипаттама, жалпы, Африкаға
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рефераты на казахском языке, Казахские курсовые и дипломные © 2025