Понедельник, 30.06.2025, 05:59
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша рефераттар Курстық жұмыстар Дипломдық жұмыстар
Главная МатериалыРегистрацияВход
Категории раздела
Категории раздела
Автоматтандыру
Әдебиет, Өнер, Мәдениет
Әлеуметтану
Биология, Зология, Анатомия, Медицина
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
Информатика
Іс жүргізу
Кедендік іс
Қазақстан тарихы
Қоршаған ортаны қорғау, Экология
Құрылыс
Құқық, Криминалистика
Математика, Геометрия
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай
Психология, Педагогика
Саясаттану
Спорт
Стандартизация, Сертификция
Статистика
Тіл ғылымы, Филология
Тарих
Туризм
Физика, Астрономия
Философия
Халықаралық қатынастар
Химия
Электротехника
Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық
Главная » Материалы на казахском » Қазақша рефераттар » География, Экономикалық география, Геология, Геодезия

Африка Бірлігі Ұйымы



Африка Бірлігі Ұйымы [9 бет]

ХХІ ғасырға аяқ басумен бірге адамзат халықаралық қатынастар дамуының жаңа кезеңіне де аяқ басты. Ол халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың кеңеюі мен тереңдеуі, халықтар достығы мен ғаламданудың дамуы арқылы көрінді. Халықаралық қауымдастық ірі интеграциялық байланыстарға, көп мәселені алдын ала болжап білуге ұмтылып, соған сай түрлі ұйымдардың жұмыс механизмдері нығайды. Ұлттық деңгейден жоғары ұйымдар да жаппай күшею үстінде, ал бұл — алға қарай табысты жылжудың алғышарты.

Ғаламдану заманында халықаралық ұйымдардың, соның ішінде бірте-бірте ғаламдық мәселелерді шешуге ұйысатын ұйымдардың тәжірибесі мен қызметін зерттеудің маңызы зор. Даму неғұрлым жылдам қарқынмен жүрген сайын халықаралық қауымдастық та құлағын түріп отыруға мәжбүр, өйткені дамумен бір мезгілде қауіп-қатер де бой көтереді. Халықаралық қатынастарды демократияландырудың негізгі алғышарттарының бірі жәрдемдесу принципі екенін есепке алсақ, түрлі қауіп-қатерлер ең алдымен аймақтық ұйымдарға жетеді. Ал Африкалы Одақ (АО), яғни бұрынғы Африкалық Бірлік Одағы бүгінгі таңда Африка құрлығындағы барлық мемлекеттердің басын біріктіріп отырған бірден-бір аймақтық ұйым.

Жұмыстың хронологиялық шегі біз қарастырып отырған ұйымның, яғни АБО-ның қызмет ету уақыты негізінде анықталады. Ал 1963 жылы африкалық ынтымақтастық және бірлік принципі негізінде құрылған АБО алғаш құрылған күнінен-ақ Африка мемлекеттерінің отаршылдық езгіден, тәуелділіктен тұтастай арылуы үшін күресті. Оның жұмысы да соған негізделді. Ұйым жұмысындағы екінші басым бағыт апартеидтік режимді және нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін түп орнымен жою болды. Ұйым бұл орайда кереметтей табандылық және батылдық танытып, құрлықтағы барлық мемлекеттердің тізесін біріктіре алды. Сол арқылы жаңа айтылған мәселелерге әлемдік қоғамдастықтың да назарын аудартып, соның арқасында ойға алған мақсаттарын табысты аяқтады. Қарулы күрес тәсілдері мен дипломатиялық акцияларды шебер үйлестіру арқылы 1990 жылдардың бас кезінде құрлықтағы отаршылдықты күл-талқан етті. Қазіргі таңда АО-ның (АБО-ның қазіргі атауы) Африка құрлығындағы халықаралық қатынастарда айтарлықтай өзіндік орны бар.

Африкалық Бірлік Одағының пайда болуына көптеген себептер түрткі болған еді. Ол қандай себептер? Олар: отаршылдық езгіден жалғыз-жарым құтылудың мүмкін еместігі; халықаралық экономикалық қатынастарда өзгелермен терезесі тең болуға қол жеткізу қажеттігі; құрлықтағы елдердің мәдени, тарихи және аумақтық ұқсастықтары. Бұған қоса, Африка мемлекеттерінің басшыларына әлемдегі жалпы жағдай да әсер еткені белгілі, ұйымның құрылуының бір себебі де осы. Африканың азат етілуі тарихи сәт еді, ал ол еуропалық капиталистік шаруашылық аясындағы интеграциялық бағыттардың қызу дамыған сәтіне және социалистік ...


Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 633 | Теги: Ұйымы, Бірлігі, Африка
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рефераты на казахском языке, Казахские курсовые и дипломные © 2025