Понедельник, 30.06.2025, 05:42
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша рефераттар Курстық жұмыстар Дипломдық жұмыстар
Главная МатериалыРегистрацияВход
Категории раздела
Категории раздела
Автоматтандыру
Әдебиет, Өнер, Мәдениет
Әлеуметтану
Биология, Зология, Анатомия, Медицина
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
Информатика
Іс жүргізу
Кедендік іс
Қазақстан тарихы
Қоршаған ортаны қорғау, Экология
Құрылыс
Құқық, Криминалистика
Математика, Геометрия
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай
Психология, Педагогика
Саясаттану
Спорт
Стандартизация, Сертификция
Статистика
Тіл ғылымы, Филология
Тарих
Туризм
Физика, Астрономия
Философия
Халықаралық қатынастар
Химия
Электротехника
Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық
Главная » Материалы на казахском » Қазақша рефераттар » География, Экономикалық география, Геология, Геодезия

Ел ордасы Астана



Ел ордасы Астана [7 бет]

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс казак әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 жылы Ақмола қала мәртебесін алды.

1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді және келешегі зор.

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Астана бесінші сағат белдеуінде тұр. Жергілікті уақыттың нөлдік меридианға қатысы жазда +06.00, қыста +07.00 сағат бойынша есептеледі.

1991 жыл. Күні кешегі алып империяның ондаған ұлттары дағдарыс үстінде. Миллиондаған халық абыржулы. Үш славян елі – Ресей, Украина, Белорусь – өзгелерден оқшауланғандай мінез танытты. Бір шаңырақтың астында өмір сүріп, достықтың туын тіккен халықтар арасына жік түсу қаупі туды. Осындай аумалы-төкпелі заманда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бұрынғы Кеңес Одағының 11 республикасы басшыларын Алматыға жинап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының іргетасын қалады. Күні кешеге дейін тату-тәтті өмір сүріп келген ондаған ұлттың өкілдерін мәмілеге шақырды.

1993 жыл. Қазақстанда қиын жағдай қалыптасты. Ресей елімізді рубль аймағынан шығарып тастады. Бірақ Қазақстан сасқан жоқ. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы күндердің күнінде осындай жағдайдың болатынын алдын ала болжап, қазақтың ұлттық валютасын – төл теңгесін айналымға әлдеқашан дайындап қойған еді. Ал теңгеміз қазір ТМД аумағындағы ең тұрақты валютаның бірінен саналады.

Алматы. 1994 жыл. 6 шілде. Бұрынғы Жоғарғы Кеңестің ғимараты. Депутаттар Президент Н.Ә.Назарбаевтың әдеттегі батыл шешімдерінің және бірінің куәсі болды. Ол – астананы Алматыдан ел орталығына көшіру идеясы. Бұл айтулы тарихи оқиғаны Елбасы жуырда жарық көрген «Еуразия жүрегінде» атты кітабында былайша суреттейді: «1994 жылғы 6 шілдеде Парламент сессиясының жалпы отырысында астананы Алматыдан республиканың орталық өңірі Ақмолаға көшірудің қажеттілігін қисындық және мән-жайлық тұрғыдан негіздеп сөз сөйлегенім әлі күнге анық жадымда… Депутаттарға жаңа астананы таңдау 32 өлшем бойынша жүргенін тәптіштеп айтып бердім…Жаңа астананы таңдаудың барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққанына тоқталдым… барлық тартысты жағдайдан кейін депутаттар мемлекеттік істе даурықпаға және шеткері қалаға көшу мәселесінде жеке ...


Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 807 | Теги: Астана, ел, ордасы
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рефераты на казахском языке, Казахские курсовые и дипломные © 2025