(Узбекистон) — Орта Азиядағы одаңтас республика. Солтүстігінде және солтүстік-батысында Қазақстанмен, шығысы мен солтүстік-шығысында Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, оңтүстік-батысында Түрікменстанмен, оңтүстігінде Амудария өзен арңылы Ауғанстанмен шектеседі. Солтүстік жағы Арал теңізімен шайылады. Өзбекстан 1924 жылдың 27 октябрінде құрылды. Жері 447,4 мың км2. Халңы 13,7 млн. (1975). Әкімш. жағынан қүрамына Қарақал-пақ АССР-і және 11 облыс кіреді. Астанасы — Ташкент қаласы. Мемлекеттік ңұрылысы. Өзбек ССР-і — жұмысшылар мен шаруалар-дың социалистік мемлекеті, СССР құрамына кіретін советтік социалистік республика. Өзбек ССР Конституциясы Советтердің Бүкіл өзбекстандық Төтенше 6-съезінде, 1937 ж. 14 февральда қабылданған. Ең жоғары мемлекет өкімет органы — Өзбек ССР-інің бір палаталы Жоғары. Советі, ол 4 жылға сайланады. Жоғары Советтің сессиялары арасында мемлекет өкіметтің жоғары органы —Өзбек ССР Жоғарғы Советінің Президиумы. Жоғарғы. Совет республиканың үкіметін — Министр Советін құрады. Облыс, аудан, қала, поселке, ауыл және қышлақтарды өкімет органы — еңбекшілер депутаттарының тиісті жергілікті Советтері басқарады. Өзбек ССР-інің жоғарғы сот органы — республиканың Жоғарғы сотын Өзбек ССР Жоғарғы. Советі 5 жылға сайлайды. Жоғарғы сот азаматтық және қылмысты істер жөнінде 2 коллегиядан және Пленумнен құрылады. Жоғарғы сот Президиумы бар. Өзб. ССР-і мен Қарақалпақ АССР-інің прокурорын СССР бао прокуроры 5 жылға тағайындайды. Табиғат өңірі жер бедері жөнінен — солтүстік-батыс жазық және оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық жағын Қызылқұм шөлі, Үстірт, Тұран ойпаты, Амудария атырауы алып жатыр. Таулы өлке Шатқал, Құрама, Ферғана, Алай, Зеравшан, Түркістан т. б. жоталардан құралады; бұлардың аралықтарында Ферғана, Зеравшан, Шыршық-Ангрен, Қашқадария, Сурхандария т. б. аңғарлар орналасқан. Өңір территориясының геология құрылысында жасырын және фанерозой жыныстарының жиынтығы кеңінен тараған. Бұл өңірдің мезозойға дейінгі, мезозой-палеогендік, неоген-антропогендік мезгілдегі геол. құрылысы әр түрлі болды. Мезозойға дейінгі ершеліктері негізінде Өңір жері 4 геоқұрлымдық элементке ажыратыла, Байсұн қатпарлы массиві (Бай құрылымдық-формациялық зонад тұрады); 2. Оңтүстік Тянь-Шань (Ал Көкшаал) қатпарлы жүйесі (Караптыр, Оңт. Бұқантау, Түркістан-Ал Зеравшан-Түркістан, Зеравшан-Алг Оңтүстік Гиссар және Сурматаш зоналары); 3. Орта Тянь-Шань қатпар массиві (Қаратау-Нарын және тау-Құрама зонасы); 4. Үстірт құрлымдық-формациялық зонасы қабаты континенттік және теңдік терриген-карбонат жыныстард түзілген. Геосинклинальдық сипат б: мезгілде Оңтүстік Тянь-Шань жүйесіні байқалады. Ордовикте құмдытақ тасты шөгінділер қалыптасқан. Силу дің алғашқы шегінде Оңтүстік Тянь-Шань геосинклиналының төмен қарай май: су қарқыны күшейді, бұған байланыты қазіргі өңір территориясында трансгрессиясы ...