ІІ. Негізгі бөлім ІІ. 1. Файлдардың түрлері ІІ. 2.Мәтiндiк файлдан мәлiметтердi оқу ІІ. 3. Мәтiндiк файлдан мэлiметтердi оку (жалғасы) ІІ. 4. Типті файл. Типті файлдарға мәліметті жазу ІІ. 5. Типті файлдан мәліметтерді оқу ІІ. 6. Әртүрлі базалық типтерді біріктіру. Жазба типі
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцрия физигі Niklaus Wirth ұсынған.Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап , тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.Кейінен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Кейінен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді.Солардың ішінде 1983 жылы Борланд корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі Turbo Pascal программалаушылар арасында жоғарғы сұранысқа ие болды. Бейсик тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі Turbo Pascal программалау тілінің басқа тілдер сияқты өзіне тән алфавиті бар. Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі − Паскаль. Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті. Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі. Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу.
Файлдармен жұмыс
1 Файлдардың түрлері
Осыған дейін, біз мәліметтерді пернетақтадан негізіп, оларды экранға шығардық, программа жұмысы кезінде олар компьютердің оперативті жадында сақталатын да, есептеулер біткеннен кейін бұл мәліметтер жоғалып кетеьін. Жұмыс нәтижесін келешекте пайдалана алу үшін, мысалы, оларды есептеулерге пайдалану үшін немесе жңа мәліметтерді алу үшін, оларды есте сақтап қалу керек. Ондай тәсілдердің ьірі мынадай: нәтиже экранға шыққан соң қолға қаламсап (қарындаш) және бір бет қағаз алып, бұл мәліметтерді жазып алу. “Дербес компьютерлер” дәуірінің басында оларды “үй тапсырмасы” деп атаған да, шын мәнінде солай болған. Қазіргі кездегі дербес компьютерлердің барлығы ақпаратты сақтауға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған. Қызметтеріне қарай оларды: магниттік ақпарат тасымалдаушылар немесе жазылатын CD- дискілер деп атайды. Ақпаратты сақтау осы тасымалдаушыларда ұйымдастырылады, бұл жағдайда біз алған нәтижелерді солардың жадында сақтаймыз. Барлық мәліметтер осы тасымалдаушыларда файлдар түрінде сақталады. Файл дегеніміз – мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі). File (ағылшын тілінен аударылғанда) бума, іс қағаздар жинағы, сонымен қатар ақпаратты сақтау деген мағынаны білдіреді. Borland Pascal-да файлдарды екі негізгі белгісі бойынша топтастыруға болады: a) файлдың типі бойынша (оның логикалық құрылымына ) b) файл элементтеріне қатынау тәсілі бойынша Типтері бойынша файлдар шартты тұрде үш түрге бөлінеді: мәтіндік файл; типтік файл; типтік емес файл. Біз көбінесе мәтіндік және типтік файлдармен жұмыс істейміз. Қатынау тәсілі бойынша файлдар келесідей бөлінеді: Тікелей қатынау файлдары Кезекпен қатынау файлдары
Олардың айырмашылығы тікелей қатынау файлдарында арнайы процедуралар және функцияларды пайдалана отырып, мәліметтерді, олардың файлдағы орнына тәуелсіз, оқуға немесе жазуға болады, ал кезекпен қатынау файлында оның ортасында немесе соңында тұрған мәліметті оқу үшін, оның алдындағы мәліметтердің барлығын оқуға тура келеді. Мәтіндік файлдар кезекпен қатынау файлдарына жатады, ал типтік файлдар тікелей қатынау файлдарыа жатады. Мәтiндiк файлдан мәлiметтердi оқу Өткен тақырыптарда сіздер, мәліметтерді мәтіндік файлға жазуды үйреніңіздер. Енді оларды қайтадан файлдан қалай оқуға болатынын қарастырамыз. Ол үшін `mayFile1/in` файлын пайдаланамыз. Мәліметтерді файлға жазу кезіндегідей, біздің файлмызды байланыстыратын айнымалыға атау беруіміз керек. Айталық, ол атау Fileln болсын, содан кейін біз оны мәтіндік файл ретінде сипаттауымыз керек. Бұл айнымалыны біз енгізу процедурасында пайдаланатын болғандықтан, сол процедураның жергілікті айнымалысы ретінде сипаттаймыз. var Filelnt:text; Одан кейін біз программада, “мәтіндік типті ” Fileln айнымалысы, біздің `mayFile1.in` атауымен берілген нақтылы файлмызды белгілейтіндігін көрсетуіміз керек. Ол үшін assing(NameVar,NameFile)-процедурасын қолданады. Енді файлдан мәліметтерді оқу үшін, берілген файлды ашуымыз керек. Ол үшін, reset(NameVar)—процедурасында қолданады, мұндағы NameVar-сіздің файлды белгілеуге берген айнымалыңыздың атауы, біздің жағдайымызда, ол NameVar-Fileln. Reset(NameVar)-процедурасы, мәліметтерді оқуға файлды ашады және курсорды файлдың басына орналастырадв. Егер ондай жоқ болса, қателік туралы хабарлама береді. Енді мәліметтерді файлдан оқуға барлығы дайын болды. Ол үшін өзімізге бұрынан таныс Read() және Readln() процедураларын пайдаланамыз. Мәліметтерді оқу пернетақтадан емес, файлдан жүзеге асу үшін, мәліметтерді оқудың жолын көсетеміз. Яғни, жақшалардың ішіне, assing()- процедурасының көмегімен біздің файлмызды байланыстырып тұрған, айнымалының атауын көрсетеміз. `MayFile.in`файлындағы бірінші сан, файлдағы барлық сандардардың мөлшерін көрсетеді. Сондықтан, алдымен файлдан Sanau айнымалысының мәнін оқытамыз,содан кейін параметрлі циклді қолданып, файлдағы сандардың мәндерін оқимыз. Мәліметтер толық оқылып болған соң, өзімізге таныс Close() процедурасын пайдаланып, файлды жабу керек. Енді, мәліметтерді фйалдан оқу процедурасы қандай болатындығын көрелік: procedure lnit; var i:byte; Fileln:text; begin assing(fileln,`mayFile1.in`); reset(Fileln); readln(Fileln,Sanau); for i:=1 to Sanau do read(Fileln,San[i]); close(Fileln); end; Дәл осындай, егер өлшемдері белгілі болса, мәліметтерді екі өлшемді массивтен оқу да онша қиыншылық туғызбайды. `MayFile.in5` файлынан мәліметтерді оқитын программадан үзінді мысалға келтірейік: procedure lnit; var i,j:byte; {айнымалы атауын мәтiндiк файл түрiнде сипаттау} Fileln :text; begin {айнымалыны нақтылы файл атымен байланыстыру} assing(Fileln,`mayFile5.in`); {файлды оқуға ашу} reset(File); {массив өлшемдерiн оқу, курсорды жаңа жолға көшiру} readln(Fileln,JolSany,BaganSany); {массив элементтерiн жол және баған бойынша оқу} for:=1 to JolSany do read(Fileln,San[i,j]); {файлды жабу} close(Fileln); end; Мынаған көңіл аударыңыз, массив элементтерін оқу кезінде, Readln() процедурасын қолданбай, тек қана Read() процедурасы қолданылды. Бұл мүмкін еді, себебі массив элементтерін оқу үшін оның өлшемдері алдын ала белгілі болды. Егер мәтіндік файлдағы элементтер жазбалар саны алдын ала белгісіз болса, онда қайталану саны белгісіз цикл операторларын қолдануға тура келеді. Тапсырма 1. Бір өлшемді массивті құрайтын `MayFile.in` файлынан мәліметтерді оқып, оларды компьютре экранына шығаратын программа жазыңыз және оны `MayFile6.pas` атымен сақтаңыз. 2. Екі өлшемді массивті құрайтын `MayFile5.in` файлынан мәліметтерді оқып, оларды компьютер экранына программа жазып және оны `MayFile7.ipas` атымен сақтаңыз. 3. MayFile6.pas` программасын пайдаланып, `MayFile2.in` файлынан мәліметерді оқыңыз. Алынған нәтижені 1 тапсырма нәтижесімен салыстырыңыз. Нәтижені түсіндіріңіз. 4. BP мәтіндік редакторын пайдаланып `MayFile1.in`, `MayFile2.in` және `MayFile5.in` файлдарындағы массив өлшемдерін немесе жазбалар саные көрсететін жолды алып тастаңыз.
Мәтiндiк файлдан мэлiметтердi оку (жалғасы) Егер мәтіндік файлдардағы жазбалар саны белгілі болса, онда мәліметтерді оқу онша қиын емес. Ал, егер мәтіндік файлдағы жазбалар саны белгісіз болса ше, онда не істейміз? Егер сізге орындалатын әрекеттердің саны белгісіз болса, онда қайталану саны белгісіз цикл операторларын қолдануға болатындығын білесіз.2.8.2 тақырыбында мәтіндік файлдардың қасиеттерін сипаттаған болатынбыз, онда файлдың соңына файл соңын көсететін белгі код қойылатыны жайлы айтылған. Олай болса, мәліметтерді оқу файлдың соңы табылғанша жалғаса береді. Егер файл бос болса, яғни онда ешқандай жазба жоқ, онда одан мәліметтерді оқуға болмайды. Осы айтылғандарды тұжырымдай келе, алғы шарт циклін қолдану керек екеніне көзіміз жетті. Файл соңы белгісін анықтау үшін, EOF(Name Var)-процедурасын қолданады ағылшын тілінде EndOf File—файл соңы деген сөзден қысқартылып алынған. Жақшаның ішіне assing() процедурасында көрсетілген файлдың нақтылы атымен байланыстыратын айнымалы атауы жазылады. EOF(Name Var)-процедурасының мәні, False(жалған)-болады егер файл соңына жетпеген болса Ture(ақиқат)-болады, егер файлдың соңы анықталған болса. Олай болса, алғы шарт циклін қолданғанда Not EOF(Fileln)-шарты әзірше ақиқат болса, онда цикл орындала береді, яғни файл соңы анықталғанша. Бұл жағдайда мәліметтерді енгізу процедурасы келесідей болады: procdure lnit; var {айнымалы атауын мәтiдiк файл түрiнде сипаттау} Fileln:text; Begin {айнымалыны нақтылы файл атымен байланыстыру} assing(fileln,`mayFile1.in`); {файлды оғуға әзiрлеу} reset(Fileln); {санауыштын бастапқы мәнi} Sanau:=0; While Not EOF(Fileln) do Begin {санауыштын мәнiн бiрге арттыру} inc(Sanau); {массивтен элементтердi оқу} read(Fileln,San[i]); end; {файлды жабу} close(Fileln); end. Sanau-айнымалысы файлдағы жазбалардың санын анықтауға қызмет атқарады. Бұл айнымалыны ауқымды айнымалылар бөлімінде сипаттаған тиімді. Сол сияқты San[] массиві де ауқымды айнымалылар бөлімінде сипатталады: Var San: arry[1…100] of integer; Sanau: byte; Жазбалар саны белгісіз файлдан мәліметтерді оқу жұмысының дұрыстығын тексеру үшін, оқылған мәліметтер массивін экранға баған түрінде шығарамыз:
procedure exi; var i: byte; begin for i:=1 to Sanau do begin writeln(San[i]); end; end; Егер сіз программа мәтінінің қалған бөлігін дұрыс құрастырыңыз, онда жазбалар саны 100-ден аспайтын мәтіндік файлдан мәліметтерді және жазбалар санын оқитын программа аласыз. Сонымен қатар бұл программа файлдағы барлық жазбалар санын анықтап, оны экранда жазады. Енді екі өлшемді массив мәліметтерін файлдан қалай оқуға болатындығын қарастырыралық. Жоғарыда айтылғандай мәліметтерді файлдан оқу, оның файл соңын анықтайтын белгісіне байланысты екен. Бірақ екі өлшемді массивтерді жазғанда оның элементтері жол бойынша және баған бойынша жазылады. Сондықтан файлдан мәліметтерді оқығанда, алдымен алғашқы жол бойынша файл соңы белгісі анықталады. Жолдағы мәліметтер толығымен оқылып болған соң келесі жолды оқуды бастау керек. Мәтіндік файлдар қасиеттерін қарастырғанда айтылғандай, онда әрбір жол, жол соңы белгісімен кодымен аяақталады. Осы белгіні анықтау үшін стандартты EOLn(Name Var) процедурасын қолданады. EOLn(), ағылшын тілінде End of length жол соңы сөзінің қысқартылған түрі. Жақшаның ішіне assing() процедурасында көрсетілген файлдың нақтылы атымен байланыстыратын айнымалы атауы жазылады. EOLn(Name Var)-процедурасының мәні, False(жалған)-болады, егер жолдың соңына жетпеген болса, Ture(ақиқат)-болады егер жолдың соңы анықталған болса. Олай болса мәліметтерді оқу жалғаса береді егер Not EOF(Fileln) шарты ақиқат болса, яғни жол соңы анықталғанша. Бұл жағдайда мәліметтерді оқу процедурасының түрі келесідей болады: procedure lnit; var i: byte; {айнымалы атауын мәтiндiк файл түрiнде сипаттау} Fileln:text; Begin {айнымалыны нақтылы файл атымен байланыстыру} assing(fileln,`mayFile5.in`); {файлды оқуға әзiрлеу} reset(Fileln); {жолда санауыштың бастапқы мәнi}
Sanau Jol:=0; {массив элементтерiн жол бойынша оқу} while Not EOF (Fileln)do begin {санауыштың мәнiн бiрге арттыру} inc(Sanau Jol); {бағанда санауыштың бастапқы мәнi} SanauBagan:=0; {массив элементтерiн жол бойынша оқу} while Not EOF (Fileln)do begin {санауыштың мәнiн бiрге арттыру} inc(Sanau Bagan);
{массив элементтерiн оқу} read(Fileln, San[i,j]); end; {курсорды жаңа жолдың басына қою} read(Fileln, San[i,j]); end; {файлды жабу} close(Fileln); end; 1.Бір өлшемді массивті құрайтын `MayFile.in` файлынан мәліметтерді оқып, оларды компьютре экранына шығаратын программа жазыңыз және оны `MayFile6.pas` атымен сақтаңыз
Типті файл. Типті файлдарға мәліметті жазу
Келесі есепті қарастырып көрелік: Мәтіндік файлға төрт таңбалы 50 сан жазу керек. Әрбір сан жеке жолдарға жазылатын болсын. Нәтижесіндегі файлдың өлшемі қандай болады? Оны жуықтап бағалап көрелік. Әрбір таңба 1 байт орын алады. Ондай таңбалардың саны 50×4=200. Мәтіндік файлдарға берген анықтама бойынша әрбір жолдың соңында файл соңы белгісі болғандықтан, файл өлшемі 250 байттан асып кетеді. Бұл мәліметтерді кіші өлшемдегі файлдарда сақтауға бола ма? Біздің программамыз мәліметтерді өңдей алуы үшін, біз оған алдын ала оперативті жадыдан белгілі бір орын бөлуіміз керек. Жадыдан бөлінетін орынның өлшемі мәліметтердің типіне байланысты болғандықтан, бір элементті сақтау үшін, integer типті элементтерге 2 байт, byte типті бір элементке 1 байт орын бөлінеді. Мұндай амалдарды мәліметтерді файлда сақтау кезінде қолдануға бола ма? Болады екен. Типті файл деп аталатын арнайы файлдық типтер бар. Типті файл – барлық элементтері бір типті мәліметтер болып келетін файл түрі. Типті файл элементтері файлдық типетен басқа кез-келген тип бола алады. Әр элементті файлға жазу үшін, мәліметтердің типіне байланысты, міндетті белгіленген мөлшерде орын бөледі. Типті файлдарды смпаттау бөлімінде ашу үшін, мәтіндік файлды смпаттағандай, файл мәліметтерді смпаттайтын тип жазылады. <файл атауы>:file of<мәліметтер типі> Біздің жағдайымызда:
FileOut:File of interger
Бұл жазу, берілген файлдағы мәліметтер – 32768-ден 32767 аралығында жататын бүтін сандар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, типті файлдармен жұмыс істегенде де, assign( ) - процедурассының көмегімен нақтылы файл аты мен байланыстыратын атауды көрсетеміз. Assign(<файл атауы>,<файлдың нақты атауы>) Біздің жағдайымызда: Assign(FileOut ,’may.dat’) Типті файлдармен жұмыс жасағанда мәтіндік файлдардағы секілді оларды жазуға және оқуға ашуға болады. Ол үшін стандартты функциялар қолданады: Rewrite(<файл атауы>) – процедурасын файлды жазуға ашады және курсорды файлдың басына орналастырады. Типті файлдарға мәліметтерді жазу write() процедурасы арқылы жүзеге асырылады. Ол мәтіндік файлдардағы write() процедурасына ұқсас. Алайда write() процедурасын типті файлдарда қолдануында біршама өзгешелік бар. Әрекетті орындау кезінде көрсеткіш келесі жазу блогына көшеді. Типті файлдарда writeln() процедурасын қолдану қателік көрсетеді. Типті файлдарға writeln() процедурасын қолдануға болмайды. Типті файлдармен жұмыс аяқталған соң Close<файл атауы>) – процедурасы көмегімен файл жабылады. Енді тақырып басында берілген есепті шешуді жалғастырайық. 2.8.2 тақырыбындағы Мisal_F1 мәліметтерді шығару программасына келесідегідей өзгертулер енгіземіз: Procedure Exi; Var FileOut :File of integer; I :integer; Begin Assign (FileOut, ‘mayFile.in’); Rewrite(FileOut); For i:=1 to Sanau do Write (FileOut, San[i]); Close(f); End; Программаны толықтырып жазып Мisal_F8 атымен сақтаңыз. Программа орындалғаннан кейін "mayFile.in" файлын ашып көріңіз. Не көрдіңіз?
Типті файлдан мәліметтерді оқу
Титі файлдар тікелей қатынау файлдарына жатады, ол оның қатал ұйымдастырылғанына байланысты. Бұрында айтып өткеніміздей, типті файлдың компоненттері біркелкі, қатаң тәртіптегі көлемде орын алады. Сонымен тұтас блок бар делік және оған қатынауды ұйымдастырғанда, оған олардың орналасуы жайлы қосымша ақпараттарды сақтау қажет емес. Типті файлдардан мәліметтерді оқуға арналған негізгі проуедураларды қарастырамыз. Типті файлдармен жұмыс жасар алдында, мәтіндік файлдардағыдай, файл атауын жариялау және файлдағы мәліметтердің типін көрсету керек, нақтылы файл атауын байланыстыратын айнымалы атауын сипаттауымыз кереек (2.8.5 тақырыбын қараңыз). Reset(<файл атауы>) – процедурасы файлдф оқуға ашады және көрсеткішті файлдың басына орналстырады. Типті файлдан мәліметтерді оқу үшін read( ) процедурасын қолданады. Берілген процедураның жұмысы кезінде, блоктан мәліметті оқыған соң, көрсеткіш автоматтты түрде келесі жазбаға ауысады. Егер көрсеткіш соңғы жазбаның соңынан тұрса, онда программа орындалуында қателік болады. Бұл қиындықтан шығу үшін FileSize( ) функциясын қолдануға болады. FileSize(<файл атауы>):longint – функциясы файлдағы компоненттер санын анықтайды. Яғни, бізге файлдағы барлық мәліметтерді оқу керек болса, оқу процедурасын FileSize( ) рет орындауымыз керек. Мisal_F8 программасымен құралған типті файлдан мәліметтерді оқудың программасының мәтінінен үзінді келтіреміз:
Procedure Init; Var FileInput : file of integer; I, Sanau : integer; San:array[1..100] of integer;
begin
assign(FileInput, ‘mayFile.in’); reset (FileInput); Sanau :=FileSize(FileInput); For i:=1 to Sanau do Read(FileInput, San [i]); Close(FileInput)’ End;
Тақырыптың басында типті файлдар – тікелей қатынау файлдарына жататынын айтып кеткенбіз. Яғни, файлдың кез-келген бөлігіндегі мәліметтерді оқу үшін, оның алдында тұрған мәліметтерді оқуды қажет етпейтін файлдар кездеседі. Көрсеткішті қажетті мәліметті оқуға қою үшін, Seek() – процедурасын қолданады. Оның түрі келесідегідей болады: Seek(<файл атауы>, <жазбаның нөмері>); Сонымен қатар типті файлдарда нөмірлеу нөлден басталатыны есте ұстау керек, яғни бірінші лементтің нөмері "Нөл". Олай болса, біз көрсеткішті үшінші элементті оқуға көшіру үшін, Seek( ) - процедурасын қолдануды ескеруіміз керек. Мысалы: Seek(FileInput, 2); немесе Seek(FileInput, 3-1);
Әртүрлі базалық типтерді біріктіру. Жазба типі
Массив анықтамасында айтылғандай, массив дегеніміз құрылымына және қолдану тәсіліне байланысты, бір типті нөмірленген тізімдідер. Егер әртүрлі типтегі мәліметтер берілген болсын. Осы тізімнен белгілі бір жлыдар аралығында туған оқушыларды сұрыптап бөліп алу керек болсын. Мәліметтерді сақтау үшін оған екі массмвке орын бөлуімізге болатын еді. Бірінші массив (snring типті) оқушылардың аты жөнін сақтауға, екіншісі сақтауға арналған. Егер бізге қосымша мәліметтер (мысалы: сыныбы, ұлты, т.б.) енгізу керек болса, онда енгізуге тура келеді. Бір мезгілде бірнеше массивпен жұмыс істеу және оларды смпаттамалары бойынша сұрыптауға, әрине болады, бірақ үлкен жұмысты талап етеді. Сонымен қатар бұл мәліметтерді файлда сақтау керек болса не істейміз? Файлдар туралы сұрақтарды талдағанда айтылғандай, файл элементтері тек бір типті элементтер болып келеді. Олай болса әр түрлі типтегі элементтерді әрбір типке – жолдық типке айналдырып, мәтіндік файлдармен жұмыс істеуіміз керек. Мәліметтерді сақтай аламыз, бірақ болашақта бұл мәліметтермен жұмыс істеу жеткілікті қиындық туғызады. Бұл қиындықтан шығу үшін мәліметтердің құрама типі қолданады. Мәліметтердің бұл типі жазба деп аталады. Жазбалар әр түрлі типтегі элементтер жиынтығынан тұрады. Жазба элелменттерін құраушыларды өріс деп атайды да, әрбір өрістің өзіндік атауы болады. Әрбір жазбаның бірегей атауы болады.
Жазба атауы Тізім Өрістің атауы Фамилия Аты Туған жылы Өрістер мәні Ахметов Алдияр 1980
Жазбаны өңдеу элементар объектә түрінде шығады. Мұндай объект типі – record (жазба) деп аталады. Олай болса, мәліметтердің типтеріне байланысты шектеулер алынып тасталады. Жазбаларды сипаттау үшін, оның атауы, берілген өрісте сақталатын мәліметтердің атауы және типі көрсетілуі керек. Жазбалардың жалпы түрде сипатталуы келесідегідей:
Сонымен қорыта келіп Файл дегеніміз – мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі). Ең қарапайым файл типі мәтіндік файл болып табылады. Бұл файлдағы мәліметтер типтік және типтік емес файлдардағыдай машиналық кодта емес, сан, әріп және басқа пернетақта символдары түрінде (ASCII кодында) беріледі. Сондықтан мұндай файлдар мазмұны оңай қаралады, оңай өзгереді және оларды кез келген мәтіндік редактордың, соның ішінде Borland Pascal ортасының да көмегімен өзгертуге болады. Алдыңғы тақырыпта сіз мәтіндік файлдарды ашуды, оған ақпараттарды жазуды үйрендім. Write()- процедурасын пайдаланып мәліметтерді бір жолға, ал writeln()—процедурасын пайдаланып оларды бағанға жазуды көрдік. Енді файлдан мәліметтерді оқу үшін, берілген файлды ашуымыз керек. Ол үшін, reset(NameVar)—процедурасында қолданады, мұндағы NameVar-сіздің файлды белгілеуге берген айнымалыңыздың атауы, біздің жағдайымызда, ол NameVar-Fileln. Reset(NameVar)-процедурасы, мәліметтерді оқуға файлды ашады және курсорды файлдың басына орналастырады. Егер мәтіндік файлдардағы жазбалар саны белгілі болса, онда мәліметтерді оқу онша қиын емес. болатындығын қарастырыралық. Жоғарыда айтылғандай мәліметтерді файлдан оқу, оның файл соңын анықтайтын белгісіне байланысты екен. Бірақ екі өлшемді массивтерді жазғанда оның элементтері жол бойынша және баған бойынша жазылады. Сондықтан файлдан мәліметтерді оқығанда, алдымен алғашқы жол бойынша файл соңы белгісі анықталады. Жолдағы мәліметтер толығымен оқылып болған соң келесі жолды оқуды бастау керек. Мәтіндік файлдар қасиеттерін қарастырғанда айтылғандай, онда әрбір жол, жол соңы белгісімен кодымен аяақталады. Біздің программамыз мәліметтерді өңдей алуы үшін, біз оған алдын ала оперативті жадыдан белгілі бір орын бөлуіміз керек. Жадыдан бөлінетін орынның өлшемі мәліметтердің типіне байланысты болғандықтан, бір элементті сақтау үшін, integer типті элементтерге 2 байт, byte типті бір элементке 1 байт орын бөлінеді. Типті файл – барлық элементтері бір типті мәліметтер болып келетін файл түрі. Типті файл элементтері файлдық типетен басқа кез-келген тип бола алады. Сонымен қатар, типті файлдармен жұмыс істегенде де, assign( ) - процедурассының көмегімен нақтылы файл аты мен байланыстыратын атауды көрсетеміз. Типті файлдарға мәліметтерді жазу write() процедурасы арқылы жүзеге асырылады. Ол мәтіндік файлдардағы write() процедурасына ұқсас. Алайда write() процедурасын типті файлдарда қолдануында біршама өзгешелік бар. Титі файлдар тікелей қатынау файлдарына жатады, ол оның қатал ұйымдастырылғанына байланысты. Бұрында айтып өткеніміздей, типті файлдың компоненттері біркелкі, қатаң тәртіптегі көлемде орын алады. Сонымен тұтас блок бар делік және оған қатынауды ұйымдастырғанда, оған олардың орналасуы жайлы қосымша ақпараттарды сақтау қажет емес. Типті файлдан мәліметтерді оқу үшін read( ) процедурасын қолданады. Берілген процедураның жұмысы кезінде, блоктан мәліметті оқыған соң, көрсеткіш автоматтты түрде келесі жазбаға ауысады. Егер көрсеткіш соңғы жазбаның соңынан тұрса, онда программа орындалуында қателік болады. Массив анықтамасында айтылғандай, массив дегеніміз құрылымына және қолдану тәсіліне байланысты, бір типті нөмірленген тізімдідер. Файлдар туралы сұрақтарды талдағанда айтылғандай, файл элементтері тек бір типті элементтер болып келеді. Олай болса әр түрлі типтегі элементтерді әрбір типке – жолдық типке айналдырып, мәтіндік файлдармен жұмыс істеуіміз керек. Сонымен біз осы курстық жұмыста файлдардың түрлерін толық қарастырдым. Турбо Паскальда файлдармен жұмыс жасау өте маңызды.
Қосымша әдебиеттер тізімі
1. Вирт Н.Алгоритмы и структуры данных. М.; Мир, 1982. 2. Бондарев В.М., Рублинейкий В.И., Качко Е.Г: Основы программирование. Харьков. Фолио. 1997. 3. Дал У., ДейскстраЭ., Хоор К. Структурное прогрммированием М; Мир. 1975. 4. Даулеткулов А.Б. Олимпиады по информатике. Алматы. ИНТ. 2004 . 5. Марченко А.И., Марченко Л.А. Программирование в среде Turbo Pascal. М.; Бином Универсал, 1997.